Құлыптастағы жазу

Өмір туралы

Білгін дер ем, мәнді өмір сүргін дер ем, Кім-кімге де ойланып жүргін дер ем, Қарамысың, ханбысың, төремісің, Қара жерге ...

Білгін дер ем, мәнді өмір сүргін дер ем,
Кім-кімге де ойланып жүргін дер ем,
Қарамысың, ханбысың, төремісің,
Қара жерге кіреді бір күн денең.

Ойлан дер ем, түбірін ойлан дер ем,
Жөн болады ойланып қойған деген.
Тойымы жоқ толассыз бұл өмірдің,
Басы-жайлау, ақыры ойран деген.

Неге сонша аптығып, алқынасың,
Көзіңді сал өмірдің парқына шын.
Тас болсаң да диірмен уатады,
Өзен болсаң кебесің, тартыласың.

Жалған дүние-ай, жас бала қартаң болар,
Кезек келсе қара жоқ қалқан болар.
Бақта тусаң бағың да қуарады,
Тақта тусаң тағың да талқан болар.

Білгін дер ем, мәнді өмір сүргін дер ем,
Кім-кімге де ойланып жүргін дер ем,
Қарамысың, ханбысың, төремісің,
Қара жерге кіреді бір күн денең.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Өмір туралы
Күні 31.05.2026