Түрлі-түрлі кездерде,
Тіліме бал жидырдым.
Сырлы сұлу сөздерге,
Сырларымды сидырдым.
Қилы-қилы өлеңге,
Қиялымды сидырдым.
Ойлы-ойлы өлеңге,
Ойларымды сидырдым.
Қайта-қайта қайталап,
Жыр қазанда қайнадым.
Айта-айта ақыры,
Ақыныңа айналдым.
Тәтті-тәтті сезімді,
Тәңір маған силадың.
Сәтті-сәтті сөзімді,
Халқым саған силадым.
Тіліме бал жидырдым.
Сырлы сұлу сөздерге,
Сырларымды сидырдым.
Қилы-қилы өлеңге,
Қиялымды сидырдым.
Ойлы-ойлы өлеңге,
Ойларымды сидырдым.
Қайта-қайта қайталап,
Жыр қазанда қайнадым.
Айта-айта ақыры,
Ақыныңа айналдым.
Тәтті-тәтті сезімді,
Тәңір маған силадың.
Сәтті-сәтті сөзімді,
Халқым саған силадым.