Түрім мынау оңып тұрған түгі жоқ,
Ғұмыр мынау сынағы мен сыны көп.
Сезім мынау селт етпейтін күні жоқ,
Сөзім мынау түзуінен міні көп.
Ісім мынау майда-шүйде бірдеңе,
Күшім мынау жетпей жүрген бірге де.
Бойым мынау стандартқа сай емес,
Оңбай қалған алпы-солпы бұл дене.
Шашым мынау қырау түсіп ағарған,
Жүрек мынау жарықшақ бар, жара алған,
Қалтам мынау үнемі бос, тоналған,
Көңіл мынау қайғы-мұң көп жамалған.
Ақыл мынау айтқаныммен өтпейтін,
Білім мынау бір басыма жетпейтін.
Балалығым әлдеқашан біткенмен,
Бір адаммен шалалығым кетпейтін.
Ойым мынау өздігінше күрделі,
Қарын мынау шығып кеткен ілгері,
Дарынның да шама-шарқы белгілі,
Кім десең де жарасады бұл мені.
Ұнайтұғын мінезім де кем менің,
Бар болғаны жалғыз Алла сенгенім.
Ұнайын деп жүргенім де шамалы,
«Құдайым» деп жүрген мен бір пендемін.
Ғұмыр мынау сынағы мен сыны көп.
Сезім мынау селт етпейтін күні жоқ,
Сөзім мынау түзуінен міні көп.
Ісім мынау майда-шүйде бірдеңе,
Күшім мынау жетпей жүрген бірге де.
Бойым мынау стандартқа сай емес,
Оңбай қалған алпы-солпы бұл дене.
Шашым мынау қырау түсіп ағарған,
Жүрек мынау жарықшақ бар, жара алған,
Қалтам мынау үнемі бос, тоналған,
Көңіл мынау қайғы-мұң көп жамалған.
Ақыл мынау айтқаныммен өтпейтін,
Білім мынау бір басыма жетпейтін.
Балалығым әлдеқашан біткенмен,
Бір адаммен шалалығым кетпейтін.
Ойым мынау өздігінше күрделі,
Қарын мынау шығып кеткен ілгері,
Дарынның да шама-шарқы белгілі,
Кім десең де жарасады бұл мені.
Ұнайтұғын мінезім де кем менің,
Бар болғаны жалғыз Алла сенгенім.
Ұнайын деп жүргенім де шамалы,
«Құдайым» деп жүрген мен бір пендемін.