Кіндігім кесілген,
Күтіммен өсірген,
Ұшырған төсіңнен,
Кетпейтін есімнен.
Балалық балдырған,
Ізімді қалдырған,
Жанымды жандырған,
Шөлімді қандырған,
Туған жер.
Киелі қонысым,
Өркенді өрісім,
Атыңды сол үшін,
Ардақтау борышым.
Лүпілдеп жүрегім,
Тілеуін тіледім.
Мен сенің түлегің,
Таяныш-тірегім,
Туған жер.
Қыраның болайын,
Қияңа қонайын,
Гүл баққа орайын,
Құшаққа толайын.
Ұлың боп өсейін,
Құлың боп өтейін,
Сағынып жетейін,
Садағаң кетейін,
Туған жер.
Күтіммен өсірген,
Ұшырған төсіңнен,
Кетпейтін есімнен.
Балалық балдырған,
Ізімді қалдырған,
Жанымды жандырған,
Шөлімді қандырған,
Туған жер.
Киелі қонысым,
Өркенді өрісім,
Атыңды сол үшін,
Ардақтау борышым.
Лүпілдеп жүрегім,
Тілеуін тіледім.
Мен сенің түлегің,
Таяныш-тірегім,
Туған жер.
Қыраның болайын,
Қияңа қонайын,
Гүл баққа орайын,
Құшаққа толайын.
Ұлың боп өсейін,
Құлың боп өтейін,
Сағынып жетейін,
Садағаң кетейін,
Туған жер.