Түбі жоқ тірлік жұмбақ менің үшін,

Өмір туралы

Түбі жоқ тірлік жұмбақ менің үшін, Үңіліп, үқсам деймін оның ішін. Айнытпай ақ қағазға түсіремін, Өмірдің бар болмысын, ...

Түбі жоқ тірлік жұмбақ менің үшін,
Үңіліп, үқсам деймін оның ішін.
Айнытпай ақ қағазға түсіремін,
Өмірдің бар болмысын, көрінісін.

Білмеймін аз ба өмірім, көп пе өмірім,
Алаңдар жауап таппай тек көңілім.
Белгі жоқ, тиянақты тұрағы жоқ,
Зымырап барады ағып өтпелі күн.

Халқыма бересімін, аласымын,
Асыл жыр бойымдағы бар асылым.
Тапса деп жұрт керегін іздегенде,
Қазақтың сөз баптаған баласымын.

Дертім жыр, бар болғаны ой алаңым,
Ұйқымнан өлең түртіп оянамын.
Қайткенде қарызымды қайтарам деп,
Халқымнан бар жақсымды аямадым.


Өлеңді өлең емес, өрт деп жүрмін.
Мінем деп шабыт-тұлпар ерттеп жүрмін.
Өзгенің өзге шығар мақсаты да,
Мен өзім бұл өмірді зерттеп жүрмін.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Өмір туралы
Күні 31.05.2026