Тойға көп бармадым,
Топты да жармадым,
Тойымсыз көңілім,
Таусылмас арманым.
Талабым таудай-ақ,
Талпыныс майдарақ,
Тас кесер жерлерде,
Табаным тайғанақ.
Салқын қан суықпын,
Сайтаннан жыр ұқтым,
Жанымның отымен,
Жұртымды жылыттым.
Көргенім көп менің,
Көп емес жеткенім,
Өмірдің мектебі,
Өткелім өткенім.
Өнердің гүлімін,
Ақынның бірімін,
Әкемнің үлымын,
Халқымның құлымын.
Топты да жармадым,
Тойымсыз көңілім,
Таусылмас арманым.
Талабым таудай-ақ,
Талпыныс майдарақ,
Тас кесер жерлерде,
Табаным тайғанақ.
Салқын қан суықпын,
Сайтаннан жыр ұқтым,
Жанымның отымен,
Жұртымды жылыттым.
Көргенім көп менің,
Көп емес жеткенім,
Өмірдің мектебі,
Өткелім өткенім.
Өнердің гүлімін,
Ақынның бірімін,
Әкемнің үлымын,
Халқымның құлымын.