Шашымда ақ бар.
-Бұл қайдан?
Көңілімде дақ бар.
-Бұл қайдан?
Күндері күңгірт күз кепті-ау,
Күтпеген кезде жүр қайдан?
Көмескі із бар.
-Неліктен?
Жанымда мұз бар.
-Неліктен?
Жаз қайда кеткен жарықтық,
Мұнардың мұзын еріткен.
Бойымда әл кем.
-Ол қайда?
Ойымда мән кем.
-Ол қайда?
Тозатын шақ та жетті ме?
Тоқырамасақ болмай ма?!
Алдымда қыс бар.
-Бұл қандай?
Таусылмас іс бар.
-Бұл қандай?
Алаңдап тұрмын апыр-ау,
Түсімнен шошып тұрғандай.
-Бұл қайдан?
Көңілімде дақ бар.
-Бұл қайдан?
Күндері күңгірт күз кепті-ау,
Күтпеген кезде жүр қайдан?
Көмескі із бар.
-Неліктен?
Жанымда мұз бар.
-Неліктен?
Жаз қайда кеткен жарықтық,
Мұнардың мұзын еріткен.
Бойымда әл кем.
-Ол қайда?
Ойымда мән кем.
-Ол қайда?
Тозатын шақ та жетті ме?
Тоқырамасақ болмай ма?!
Алдымда қыс бар.
-Бұл қандай?
Таусылмас іс бар.
-Бұл қандай?
Алаңдап тұрмын апыр-ау,
Түсімнен шошып тұрғандай.