Көктем еді жайнап тұрған қыр гүлі,
Сайрайтұғын көңілдердің бұлбұлы.
Екі жақтан келе жатқан егіз жол,
Екі жасты жолықтырды бір күні.
Ойламаған жағдай болды бұл тіпті,
Жол үстінде жолығам деп кім күтті.
Бірін-бірі танымайтын адамдар,
Жолықты да бір-біріне ынтықты.
Жігіт жаны алау болып маздаған,
Инабатпен иба сақтап аздаған.
Қыз жігітке көз тастады наздана,
Жігіт сонда жанып кете жаздаған.
Осы бір сәт өмірдегі бір өткел,
Бір-біріне ұйқасқандай тілектер.
Бірін бірі жолықтырған жандарда,
Лүпілдеді алас ұрып жүректер.
Қыз жігітке қарай берді қиылып,
Жігіт қызға гүл ұсынды иіліп.
Тағдыр мықты табысуды бұйырып,
Өмір өзен кетті оларды үйіріп.
Жігіт қызға қырдың гүлін сыйлады,
Қыз көңілі көктем нұрын жинады.
Екі жолмен жүріп келген екі жас,
Қоштасарда бірін бірі қимады.
Бірін бірі аймалайды жанарлар,
Сол жанарлар қандай әсем, қараңдар.
Дәл осылай тоғысады тағдырлар,
Дәл осылай табысады адамдар.
Сайрайтұғын көңілдердің бұлбұлы.
Екі жақтан келе жатқан егіз жол,
Екі жасты жолықтырды бір күні.
Ойламаған жағдай болды бұл тіпті,
Жол үстінде жолығам деп кім күтті.
Бірін-бірі танымайтын адамдар,
Жолықты да бір-біріне ынтықты.
Жігіт жаны алау болып маздаған,
Инабатпен иба сақтап аздаған.
Қыз жігітке көз тастады наздана,
Жігіт сонда жанып кете жаздаған.
Осы бір сәт өмірдегі бір өткел,
Бір-біріне ұйқасқандай тілектер.
Бірін бірі жолықтырған жандарда,
Лүпілдеді алас ұрып жүректер.
Қыз жігітке қарай берді қиылып,
Жігіт қызға гүл ұсынды иіліп.
Тағдыр мықты табысуды бұйырып,
Өмір өзен кетті оларды үйіріп.
Жігіт қызға қырдың гүлін сыйлады,
Қыз көңілі көктем нұрын жинады.
Екі жолмен жүріп келген екі жас,
Қоштасарда бірін бірі қимады.
Бірін бірі аймалайды жанарлар,
Сол жанарлар қандай әсем, қараңдар.
Дәл осылай тоғысады тағдырлар,
Дәл осылай табысады адамдар.