Бой түзеп дала төсінде,
Ілесіп өмір көшінде,
Қызылқұмдағы бір қала,
Көркейіп, өрлеп, өсуде.
Кен қазып алып кең қырдан,
Ошақтың отын жандырған.
Азамат ерлер Газліде,
Қолтаңбаларын қалдырған.
Ағызып болат арнадан,
Көгілдір отын айдаған,
Құбырлар – күретамырлар,
Газшілер отпен жалғаған.
Тоғысып мұнда сан арман,
Арайлап атар таң алдан.
Сәулеті қандай қаланың,
Сілкініп барып жаңарған.
Жігіті жалын маздаған,
Қыздары күлер наздана.
Газлі – бұл сырлы саз қала,
Газ қала – жаны жаз қала.
Құлпыртқан құмды даланы,
Адамы қандай, адамы?!
Көңілің өсер көк тіреп,
Көргенде көркем қаланы.
Жанымның жылу, қалауы,
Алауы қандай, алауы?!
Еңбекпен гүлдеп бұл Газлі,
Ертеңге кетіп барады.
Ілесіп өмір көшінде,
Қызылқұмдағы бір қала,
Көркейіп, өрлеп, өсуде.
Кен қазып алып кең қырдан,
Ошақтың отын жандырған.
Азамат ерлер Газліде,
Қолтаңбаларын қалдырған.
Ағызып болат арнадан,
Көгілдір отын айдаған,
Құбырлар – күретамырлар,
Газшілер отпен жалғаған.
Тоғысып мұнда сан арман,
Арайлап атар таң алдан.
Сәулеті қандай қаланың,
Сілкініп барып жаңарған.
Жігіті жалын маздаған,
Қыздары күлер наздана.
Газлі – бұл сырлы саз қала,
Газ қала – жаны жаз қала.
Құлпыртқан құмды даланы,
Адамы қандай, адамы?!
Көңілің өсер көк тіреп,
Көргенде көркем қаланы.
Жанымның жылу, қалауы,
Алауы қандай, алауы?!
Еңбекпен гүлдеп бұл Газлі,
Ертеңге кетіп барады.