Аңқылдаған адаммын,
Ақиқатқа алаңмын.
Алаңдамай қайтерсің,
Түрі мынау даламның,
Сұры мынау заманның.
Кенде емеспін сөзге енді,
Көресіні көз көрді.
Құбылмалы қу дүние,
Көз алдымда өзгерді.
Алдарқатты арманым,
Қаппай қойды қармағым.
Заманыңа өзімді,
Үйлестіре алмадым.
Өлең болды өргенім,
Өзгені жөн көрмедім.
Ұрлық-зорлық өршіді,
Ұялғаннан өлмедім.
Байлығы бар мастанды,
Таптап өтті тапса арды.
Билігімді би алды,
Ақылымды ақша алды.
Сөз тауып ем өтпеді,
Пұл тауып ем жетпеді.
Өзегімді өртеген,
Өкінішім кетпеді.
Сауабымнан күнәм көп,
Сенімімнен күмән көп.
Тұмшалаған тұман көп,
Аңтарылып тұрам кеп.
Ақиқатқа алаңмын.
Алаңдамай қайтерсің,
Түрі мынау даламның,
Сұры мынау заманның.
Кенде емеспін сөзге енді,
Көресіні көз көрді.
Құбылмалы қу дүние,
Көз алдымда өзгерді.
Алдарқатты арманым,
Қаппай қойды қармағым.
Заманыңа өзімді,
Үйлестіре алмадым.
Өлең болды өргенім,
Өзгені жөн көрмедім.
Ұрлық-зорлық өршіді,
Ұялғаннан өлмедім.
Байлығы бар мастанды,
Таптап өтті тапса арды.
Билігімді би алды,
Ақылымды ақша алды.
Сөз тауып ем өтпеді,
Пұл тауып ем жетпеді.
Өзегімді өртеген,
Өкінішім кетпеді.
Сауабымнан күнәм көп,
Сенімімнен күмән көп.
Тұмшалаған тұман көп,
Аңтарылып тұрам кеп.