Қара жерді мекендеген адамбыз,
Дей алмаймыз бірақ оған адалмыз.
Құтын құртып, түтін шашып, уласақ,
Табиғатын ойран қылып алармыз.
Жердің беті тұнып тұрған тіршілік,
Аялауға міндеттіміз шын сүйіп.
Гүлін таптап, орманды өртеп, бүлдірсек,
Күңіреніп әлем қалар күрсініп.
Мына дүние біз білмейтін ғаламат,
Ешкім түгел ұға алған жоқ саралап.
Оны аман келешекке тапсыру,
Бабалардан бізге қалған аманат.
Артық емес құмырсқаң да, шыбын да,
Ардақтай біл тастарын да, құмын да.
Күтіп ұста дарағын да, суын да,
Күтім жасау біздің міндет шынында.
Байлық қуып, жойып алма есіңді еш,
Аман жаса, жер ананың төсінде өс.
Әй, адамзат, бұл әлемді бүлдірсек,
Келер ұрпақ күнәмізді кешірмес.
Біле білсек бұл дүние шын тылсым,
Шешілерін, шешілмесін кім білсін?
Табанымыз қара жерді иіскеп,
Төбемізде мәңгі күліп күн тұрсын.
Дей алмаймыз бірақ оған адалмыз.
Құтын құртып, түтін шашып, уласақ,
Табиғатын ойран қылып алармыз.
Жердің беті тұнып тұрған тіршілік,
Аялауға міндеттіміз шын сүйіп.
Гүлін таптап, орманды өртеп, бүлдірсек,
Күңіреніп әлем қалар күрсініп.
Мына дүние біз білмейтін ғаламат,
Ешкім түгел ұға алған жоқ саралап.
Оны аман келешекке тапсыру,
Бабалардан бізге қалған аманат.
Артық емес құмырсқаң да, шыбын да,
Ардақтай біл тастарын да, құмын да.
Күтіп ұста дарағын да, суын да,
Күтім жасау біздің міндет шынында.
Байлық қуып, жойып алма есіңді еш,
Аман жаса, жер ананың төсінде өс.
Әй, адамзат, бұл әлемді бүлдірсек,
Келер ұрпақ күнәмізді кешірмес.
Біле білсек бұл дүние шын тылсым,
Шешілерін, шешілмесін кім білсін?
Табанымыз қара жерді иіскеп,
Төбемізде мәңгі күліп күн тұрсын.