Ақыл- дана,

Өмір туралы

Ақыл- дана, Ақын – бала. Көбі шала, Дарын – дара. Сезім, сырлы, Адам түрлі. Ойсыз – масаң, Ойлы- мұңды. Тағдыр – қатты...

Ақыл- дана,
Ақын – бала.
Көбі шала,
Дарын – дара.

Сезім, сырлы,
Адам түрлі.
Ойсыз – масаң,
Ойлы- мұңды.

Тағдыр – қатты,
Жаның тәтті.
Арың – жұтаң,
Байлық – бапты.

Өмір – зарлы,
Өнер – жарлы.
Өлең - өксік,
Сөзі нәрлі.

Сыймай сыры,
Қышыр тілі,
Көп ақынның,
Мен де бірі.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Өмір туралы
Күні 31.05.2026