Асаулау шығармын,

Өмір туралы

Асаулау шығармын, Ақылсыз емеспін. Босаңдау шығармын, Батылсыз емеспін. Жарлылау шығармын, Жаманың емеспін. Арлылау шығ...

Асаулау шығармын,
Ақылсыз емеспін.
Босаңдау шығармын,
Батылсыз емеспін.

Жарлылау шығармын,
Жаманың емеспін.
Арлылау шығармын,
Арамың емеспін.

Еркелеу шығармын,
Есірік емеспін.
Келтелеу шығармын,
Кесірің емеспін.

Биліксіз шығармын,
Беделсіз емеспін.
Сыйлықсыз шығармын,
Өнерсіз емеспін.

Сергектеу шығармын,
Сезімсіз емеспін.
Серілеу шығармын,
Сенімсіз емеспін.

Білемін алайда,
Періште емеспін.
Ешкімнен артық та,
Кеміс те емеспін.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Өмір туралы
Күні 31.05.2026