Тіршіліктің көрсетпей тапшылығын,
Сыйға тартқан өмірдің бақ шырынын,
Біле білсек бір Алла адамзаттан,
Аямаған ешқандай жақсылығын.
Орын сыйлап кең байтақ жұмыр жерден,
Өлмейтіндей көрсетіп ғұмыр берген.
Топырақтан жаратып денемізді,
Содан кейін бойына жылу берген.
Тәнін берген, сол тәнге жанын берген,
Жандыратын қызу мен жалын берген.
Күш сыйлаған, қуатын, нәрін берген,
Бәрін берген, адамға бәрін берген.
Тәңірінің тартуы дала саған,
Ақыл менен берілген сана саған.
Барлығы да Алланың берген сыйы,
Байлығың мен бақытың, бала-шағаң.
Теріс болмас түбірін ойласа адам,
Жұлдыз саған, адамзат, Ай да саған.
Алла сыйға тартпаса сақилықпен,
Мұның бәрі шынында қайда саған.
Жер де саған, адамзат, күн де саған,
Нұр да саған, жеміс те, гүл де саған.
Бар жақсыны сыйлаған бір Алланың,
Қалай болмақ қадірін білмесе адам.
Сыйға тартқан өмірдің бақ шырынын,
Біле білсек бір Алла адамзаттан,
Аямаған ешқандай жақсылығын.
Орын сыйлап кең байтақ жұмыр жерден,
Өлмейтіндей көрсетіп ғұмыр берген.
Топырақтан жаратып денемізді,
Содан кейін бойына жылу берген.
Тәнін берген, сол тәнге жанын берген,
Жандыратын қызу мен жалын берген.
Күш сыйлаған, қуатын, нәрін берген,
Бәрін берген, адамға бәрін берген.
Тәңірінің тартуы дала саған,
Ақыл менен берілген сана саған.
Барлығы да Алланың берген сыйы,
Байлығың мен бақытың, бала-шағаң.
Теріс болмас түбірін ойласа адам,
Жұлдыз саған, адамзат, Ай да саған.
Алла сыйға тартпаса сақилықпен,
Мұның бәрі шынында қайда саған.
Жер де саған, адамзат, күн де саған,
Нұр да саған, жеміс те, гүл де саған.
Бар жақсыны сыйлаған бір Алланың,
Қалай болмақ қадірін білмесе адам.