Өлең-жырды баптаймын,
Керек сөзді таппаймын.
Жайлап айтсам жетпейді,
Қатты айтсам жақпаймын.
Өлшеміңе келмеймін,
Бөлшегіңе көнбеймін.
Мақтап жатса біреулер,
Мен оларға сенбеймін.
Сағынышым сөзімде,
Қуанышым көзімде.
Өзге түгіл өзіме,
Көңілім толмас өзім де.
Келісті емес пішін де,
Асқан емес күшім де.
Сүйінішім сыртымда,
Күйінішім ішімде.
Биіктеумін бойда да,
Орталаумын ойға да.
Даң-дұңыңнан қашқақтап,
Құмартпаймын тойға да.
Жарлыларға күлмеймін,
Асып-тасып жүрмеймін.
Аңғалдаумын, аңқаумын,
Алдауыңды білмеймін.
Ауруымның аты-ақ көп,
Тұрғаны сол шатақ боп.
Жатағанмын, жалқаумын,
Мал таппаймын матап көп.
Тауып жүрген тілінен,
Ақымақтың түрі мен.
Айтып жүрген сөздің де,
Бірі теріс, бірі жөн.
Қырт та емес, мәрт емес,
Мінезім де қант емес.
Жасап жүрмін осылай,
Елдің алды, арты емес.
Жалғасбайдың ұлымын,
Жаратқанның құлымын.
Кешіріңдер бұл мені,
Жақпай жүрсе қылығым.
Керек сөзді таппаймын.
Жайлап айтсам жетпейді,
Қатты айтсам жақпаймын.
Өлшеміңе келмеймін,
Бөлшегіңе көнбеймін.
Мақтап жатса біреулер,
Мен оларға сенбеймін.
Сағынышым сөзімде,
Қуанышым көзімде.
Өзге түгіл өзіме,
Көңілім толмас өзім де.
Келісті емес пішін де,
Асқан емес күшім де.
Сүйінішім сыртымда,
Күйінішім ішімде.
Биіктеумін бойда да,
Орталаумын ойға да.
Даң-дұңыңнан қашқақтап,
Құмартпаймын тойға да.
Жарлыларға күлмеймін,
Асып-тасып жүрмеймін.
Аңғалдаумын, аңқаумын,
Алдауыңды білмеймін.
Ауруымның аты-ақ көп,
Тұрғаны сол шатақ боп.
Жатағанмын, жалқаумын,
Мал таппаймын матап көп.
Тауып жүрген тілінен,
Ақымақтың түрі мен.
Айтып жүрген сөздің де,
Бірі теріс, бірі жөн.
Қырт та емес, мәрт емес,
Мінезім де қант емес.
Жасап жүрмін осылай,
Елдің алды, арты емес.
Жалғасбайдың ұлымын,
Жаратқанның құлымын.
Кешіріңдер бұл мені,
Жақпай жүрсе қылығым.