Түні бойы тыныс алып, таң асып,
Ел оянар нұр шуақпен таласып.
Шапағатын таратып бар әлемге,
Күн шығады көк жүзіне жарасып.
Ертелі-кеш ырғалып та жырғалып,
Тіршілікке араласып жүр халық.
Біреу бүгін құрық салар асауға,
Біреу тұрар бекер торға шырмалып.
Ел күтпеген ақыл тауып даналық,
Ашылады тағы да бір жаңалық.
Біреу өліп, біреу туып, жаңарып,
Жатар тосын, жақсы хабар таралып.
Өн бойыңда айналады қызу қан,
Біреулер мас, әбден тойып, қызынған.
Біреулер аш, өлмеу үшін амалсыз
Қолын созып тіленеді үзім нан.
Бұрын қастар бір-бірімен қатысып,
Бұрын достар бір-бірімен атысып,
Ойламаған талас туып, тартысып,
Жатар тірлік шәлкем-шалыс шатысып.
Аялдамай, алмай ешбір тыныс тым,
Куә болып барлығына бұл істің,
Арып-ашып көптігінен жұмыстың,
Ұясына батар барып күміс күн.
Ел оянар нұр шуақпен таласып.
Шапағатын таратып бар әлемге,
Күн шығады көк жүзіне жарасып.
Ертелі-кеш ырғалып та жырғалып,
Тіршілікке араласып жүр халық.
Біреу бүгін құрық салар асауға,
Біреу тұрар бекер торға шырмалып.
Ел күтпеген ақыл тауып даналық,
Ашылады тағы да бір жаңалық.
Біреу өліп, біреу туып, жаңарып,
Жатар тосын, жақсы хабар таралып.
Өн бойыңда айналады қызу қан,
Біреулер мас, әбден тойып, қызынған.
Біреулер аш, өлмеу үшін амалсыз
Қолын созып тіленеді үзім нан.
Бұрын қастар бір-бірімен қатысып,
Бұрын достар бір-бірімен атысып,
Ойламаған талас туып, тартысып,
Жатар тірлік шәлкем-шалыс шатысып.
Аялдамай, алмай ешбір тыныс тым,
Куә болып барлығына бұл істің,
Арып-ашып көптігінен жұмыстың,
Ұясына батар барып күміс күн.