Қайда жетем, біледі оның түбін кім,
Үміттендім, талай рет түңілдім.
Құладым да тұра сала қайтадан,
Тезірек мен алға қарай жүгірдім.
Адаспады дейсің бе мен, адастым,
Таласпады дейсің бе мен, таластым,
Санаспады дейсің бе мен, санастым,
Тоқтап қалмай, қырқалардан әрі астым.
Өмір жүгін иығыма мол арттым,
Жоғалтпады дейсің бе мен, жоғалттым.
Іздемеді дейсің бе мен, таппадым,
Таппасам да бір үмітке қол арттым.
Сағынбады дейсің бе мен, сағындым,
Шағынбады дейсің бе мен, шағындым,
Табынбады дейсің бе мен, табындым,
Көңілімнің қалауына бағындым.
Өкінбеді дейсің бе мен, өкіндім,
Өтінбеді дейсің бе мен, өтіндім,
Кетілмеді дейсің бе мен, кетілдім,
Кетілдім де, кейін бірақ жетілдім.
Жасытпады дейсің бе өмір, жасыппын,
Асықпады дейсің бе мен, асықтым.
Білесің бе бүгілмей мен жүргенім,
Болашаққа кереметтей ғашықпын.
Үміттендім, талай рет түңілдім.
Құладым да тұра сала қайтадан,
Тезірек мен алға қарай жүгірдім.
Адаспады дейсің бе мен, адастым,
Таласпады дейсің бе мен, таластым,
Санаспады дейсің бе мен, санастым,
Тоқтап қалмай, қырқалардан әрі астым.
Өмір жүгін иығыма мол арттым,
Жоғалтпады дейсің бе мен, жоғалттым.
Іздемеді дейсің бе мен, таппадым,
Таппасам да бір үмітке қол арттым.
Сағынбады дейсің бе мен, сағындым,
Шағынбады дейсің бе мен, шағындым,
Табынбады дейсің бе мен, табындым,
Көңілімнің қалауына бағындым.
Өкінбеді дейсің бе мен, өкіндім,
Өтінбеді дейсің бе мен, өтіндім,
Кетілмеді дейсің бе мен, кетілдім,
Кетілдім де, кейін бірақ жетілдім.
Жасытпады дейсің бе өмір, жасыппын,
Асықпады дейсің бе мен, асықтым.
Білесің бе бүгілмей мен жүргенім,
Болашаққа кереметтей ғашықпын.