Адам – құл,
Тірлік – жыр.
Билеуші,
Ақша – пұл.
Өмір – күн,
Ажал – шын.
Ақыл – шам,
Тағдыр – сын.
Бақыт – құс,
Уақыт – түс.
Жаман іс –
Арға нұс.
Көңіл – көл,
Қайғы – шөл.
Желпінтер,
Шаттық – жел.
Жастық – от,
Байлық – боқ.
Бүгін –бар,
Ертең жоқ.
Дүние – тұл,
Үміт – нұр.
Қызығың –
Қыз бен ұл.
Тірлік – жыр.
Билеуші,
Ақша – пұл.
Өмір – күн,
Ажал – шын.
Ақыл – шам,
Тағдыр – сын.
Бақыт – құс,
Уақыт – түс.
Жаман іс –
Арға нұс.
Көңіл – көл,
Қайғы – шөл.
Желпінтер,
Шаттық – жел.
Жастық – от,
Байлық – боқ.
Бүгін –бар,
Ертең жоқ.
Дүние – тұл,
Үміт – нұр.
Қызығың –
Қыз бен ұл.