Бақытты өмір

Өмір туралы

Қос қария, Қос дария, Екі өмір, Бір жанұя. Көше бойлап, Өткенді ойлап, Жүздерінде, Күлкі ойнап. Қолтықтасып, Сылтып ба...

Қос қария,
Қос дария,
Екі өмір,
Бір жанұя.

Көше бойлап,
Өткенді ойлап,
Жүздерінде,
Күлкі ойнап.

Қолтықтасып,
Сылтып басып,
Келе жатыр,
Көңлі тасып.

Жастық шақты,
Ауыл жақты,
Еске алады,
Алма бақты.

Ұл ержеткен,
Қыздар кеткен.
Талай қызық,
Бастан өткен.

Шалқып басып,
Шуақ шашып,
Күліп қояр,
Қалжыңдасып.

Қос қария,
Қос дария,
Егіз тағдыр,
Бір жанұя.

Жастық өтіп,
Қарттық жетіп,
Көрген күнге,
Шүкір етіп.

Бірге тұрып,
Артын біліп,
Жүр бақытты,
Өмір сүріп.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Өмір туралы
Күні 31.05.2026