Дем өлшеулі, ай мен жылдар санаулы,
Алла берген бойымызға алауды.
Таң атқанда тұра сала ұйқымнан,
Ұнатамын шыққан күнге қарауды.
Жаңа күнің жанған алып шырағың,
Әр таңда мен оны күтіп тұрамын.
Күліп шығып, шуақ құйған бойыма,
Бақыт күні болар деймін мына күн.
Өмір – сынақ, әр сәтімен сынаған,
Қандай жақсы күнді көрсең дін аман.
Өз орнынан шапақ шашып әр таңда,
Құба белден күн шыққанға қуанам.
Өн бойына тірлік мәнін жинаған,
Адамзатқа өз жылуын сыйлаған,
Бақ-береке ала келген сол күнді,
Көрмей қалсақ қайтеміз деп қиналам.
Біле білсек бақыт қой шын бұл деген,
Шуағынан қуат алам, нұр көрем.
Өмірдің де қадіріне жетпейді,
Қайта шыққан күн қадірін білмеген.
Үрейленем барып батса күн тауға,
Атқан әр таң адам үшін шын сауға.
Кеше өмірден өтіп кетсек қайтер ек,
Жаңа күнді көргеніме мың тәуба!
Алла берген бойымызға алауды.
Таң атқанда тұра сала ұйқымнан,
Ұнатамын шыққан күнге қарауды.
Жаңа күнің жанған алып шырағың,
Әр таңда мен оны күтіп тұрамын.
Күліп шығып, шуақ құйған бойыма,
Бақыт күні болар деймін мына күн.
Өмір – сынақ, әр сәтімен сынаған,
Қандай жақсы күнді көрсең дін аман.
Өз орнынан шапақ шашып әр таңда,
Құба белден күн шыққанға қуанам.
Өн бойына тірлік мәнін жинаған,
Адамзатқа өз жылуын сыйлаған,
Бақ-береке ала келген сол күнді,
Көрмей қалсақ қайтеміз деп қиналам.
Біле білсек бақыт қой шын бұл деген,
Шуағынан қуат алам, нұр көрем.
Өмірдің де қадіріне жетпейді,
Қайта шыққан күн қадірін білмеген.
Үрейленем барып батса күн тауға,
Атқан әр таң адам үшін шын сауға.
Кеше өмірден өтіп кетсек қайтер ек,
Жаңа күнді көргеніме мың тәуба!