Бабаларым аңсап өткен бар күнін,
Біздер көрдік шапағатты таң нұрын.
Сан ғасырдан арман, мұрат, мақсат – бұл,
Тәуелсіздік – тарихым мен тағдырым.
Барша жұртпен терезесі тең бүгін,
Қазағыммен есептеспес енді кім?!
Көрінетін теңдігім мен кеңдігім,
Тәуелсіздік - елдігім мен ерлігім.
Жаудан қорғап қонысы мен өрісін,
Жан алысып, жан берістік жер үшін.
Желтоқсанда танытқанбыз ер ісін,
Тәуелсіздік – күресім мен жеңісім.
Мәрт халықпыз мойытпаған ірі сын,
Мақтануға ақылымыз бұл үшін.
Мығым басып мыңжылдықты бастаған,
Тәуелсіздік – бақытым мен ырысым.
Жойылуға жақын қалып тұр едім,
Қайта тудым, қайта өстім, түледім.
Мәртебем мен мерейімді өсірген,
Тәуелсіздік – тынысым мен тірегім.
Аштық, соғыс, қуғын-сүргін, мерт өлім,
Бодандықта қиылған-ды өркенім.
Оның бәрі кешегім мен өткенім,
Тәуелсіздік – бүгінім мен ертеңім.
Өзгеруде өңірім мен өмірім,
Барып-барып Барыс болу – кең ұғым.
Болашаққа батыл бағдар ұстаған,
Тәуелсіздік - үмітім мен сенімім.
Түрген елміз қилы заман түндігін,
Бақ-береке бағасын да біл, күнім!
Теңдесі жоқ ұлы мұрат, ұлы ұғым,
Тәуелсіздік - ынтымақ пен бірлігім.
Ұлан байтақ Қазақстан - тұрағым,
Ұрпағы бай, ұлы ел болу – ұраным.
Мен өзіңе мың-мың тәуба етемін,
Тәуелсіздік - тағдыр таққан тұмарым.
Біздер көрдік шапағатты таң нұрын.
Сан ғасырдан арман, мұрат, мақсат – бұл,
Тәуелсіздік – тарихым мен тағдырым.
Барша жұртпен терезесі тең бүгін,
Қазағыммен есептеспес енді кім?!
Көрінетін теңдігім мен кеңдігім,
Тәуелсіздік - елдігім мен ерлігім.
Жаудан қорғап қонысы мен өрісін,
Жан алысып, жан берістік жер үшін.
Желтоқсанда танытқанбыз ер ісін,
Тәуелсіздік – күресім мен жеңісім.
Мәрт халықпыз мойытпаған ірі сын,
Мақтануға ақылымыз бұл үшін.
Мығым басып мыңжылдықты бастаған,
Тәуелсіздік – бақытым мен ырысым.
Жойылуға жақын қалып тұр едім,
Қайта тудым, қайта өстім, түледім.
Мәртебем мен мерейімді өсірген,
Тәуелсіздік – тынысым мен тірегім.
Аштық, соғыс, қуғын-сүргін, мерт өлім,
Бодандықта қиылған-ды өркенім.
Оның бәрі кешегім мен өткенім,
Тәуелсіздік – бүгінім мен ертеңім.
Өзгеруде өңірім мен өмірім,
Барып-барып Барыс болу – кең ұғым.
Болашаққа батыл бағдар ұстаған,
Тәуелсіздік - үмітім мен сенімім.
Түрген елміз қилы заман түндігін,
Бақ-береке бағасын да біл, күнім!
Теңдесі жоқ ұлы мұрат, ұлы ұғым,
Тәуелсіздік - ынтымақ пен бірлігім.
Ұлан байтақ Қазақстан - тұрағым,
Ұрпағы бай, ұлы ел болу – ұраным.
Мен өзіңе мың-мың тәуба етемін,
Тәуелсіздік - тағдыр таққан тұмарым.