Бабалардың бастан арман-мұраты,
Тәуелсіздік – шырын сөздің шұраты.
Кең далада еркін тірлік сүрген ел,
Егемен – бұл ер қазақтың бір аты.
Сан ғасырды аңсай жүріп өткерген,
Қуғын-сүргін, қияметті көп көрген.
Қазақ үшін тәуелсіздік шын бақыт,
Халқымызды мақсатына жеткерген.
Осы күнге құмар болған бар текті,
Оның үшін азапты да сан шекті.
Абылайлар арпалысы тек емес,
Қабанбайлар бүгін үшін тер төкті.
Мақсат жоқта өміріңде мән кәне?
Тәуелсіздік сондықтан да ән көне.
Махамбеттің мерт болуы сол үшін,
Соның үшін басын тікті хан Кене.
Талай жылдар тыңдап өстік жат үнді,
Жаттың үні улады анық ақылды.
Егемендік аңсағаны үшін де,
«Алашымның» асылдары атылды.
Ызғырынды күндер өтті ызғыған,
Сан кіжіндік, бойда талай қызды қан.
Қайраттардың қиып қыршын өмірін,
Желтоқсанда жеттік әзер біз бұған.
Енді қайтсак қазақ болып қаламыз?
Болашаққа қай деңгейде барамыз?
Бодандықтан арылды ма санамыз?
Бір он жылда берілмес бар бағамыз.
Ойланатын бірақ көп іс бар тағы,
Тіліміз де, діліміз де жарты әлі.
Егемендік еншімізге тиген бұл,
Мойнымызға ауыр міндет артады.
Өмір анық түбегейлі өзгерді,
Өзгергенін көңіл ұқты, көз көрді.
Тәуелсізбіз, не күтеміз өзге енді?
Ойлан, қазақ, шын сыналар кез келді!
Тәуелсіздік – шырын сөздің шұраты.
Кең далада еркін тірлік сүрген ел,
Егемен – бұл ер қазақтың бір аты.
Сан ғасырды аңсай жүріп өткерген,
Қуғын-сүргін, қияметті көп көрген.
Қазақ үшін тәуелсіздік шын бақыт,
Халқымызды мақсатына жеткерген.
Осы күнге құмар болған бар текті,
Оның үшін азапты да сан шекті.
Абылайлар арпалысы тек емес,
Қабанбайлар бүгін үшін тер төкті.
Мақсат жоқта өміріңде мән кәне?
Тәуелсіздік сондықтан да ән көне.
Махамбеттің мерт болуы сол үшін,
Соның үшін басын тікті хан Кене.
Талай жылдар тыңдап өстік жат үнді,
Жаттың үні улады анық ақылды.
Егемендік аңсағаны үшін де,
«Алашымның» асылдары атылды.
Ызғырынды күндер өтті ызғыған,
Сан кіжіндік, бойда талай қызды қан.
Қайраттардың қиып қыршын өмірін,
Желтоқсанда жеттік әзер біз бұған.
Енді қайтсак қазақ болып қаламыз?
Болашаққа қай деңгейде барамыз?
Бодандықтан арылды ма санамыз?
Бір он жылда берілмес бар бағамыз.
Ойланатын бірақ көп іс бар тағы,
Тіліміз де, діліміз де жарты әлі.
Егемендік еншімізге тиген бұл,
Мойнымызға ауыр міндет артады.
Өмір анық түбегейлі өзгерді,
Өзгергенін көңіл ұқты, көз көрді.
Тәуелсізбіз, не күтеміз өзге енді?
Ойлан, қазақ, шын сыналар кез келді!