Асыл Отан

Отан туралы

Дархан дала, көркем қала, шат ауыл, Тіккен берік тәуелсіздік отауын. Бүкіл өмір, тыныштықтың мекені, Мына Отан менің асы...

Дархан дала, көркем қала, шат ауыл,
Тіккен берік тәуелсіздік отауын.
Бүкіл өмір, тыныштықтың мекені,
Мына Отан менің асыл Отаным.

Ділің ашық, тілің тәтті, салтың бай,
Еңбек сүйгіш кім бар сенің халқыңдай.
Балдай жеміс, сап алтының, маржан дән,
Таралады жер жүзіне даңқыңдай.

Жасампаздық, жақсылықтың жақтасы,
Мақтаса жұрт сені ғана мақтасын.
Асыл Отан сенің кеудең арқылы,
Ашылады, күшығыстың қақпасы.

Бақ, береке, ырыс-құттың мекені,
Достық, бірлік, туыстықтың мекені,
Бейбіт өмір, тыныштықтың мекені,
Саған Отан сірә қай ел жетеді.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Отан туралы
Күні 31.05.2026