Құдіретті тарих, ойлағым келіп тұрады,
Бойыңа терең бойлағым келіп тұрады,
Күйдірер отсың дұрыстап ұстай алмасақ,
Өзіңмен неге ойнағым келіп тұрады?
Сырыңды, тарих, шын ұққым келіп тұрады,
Парақтап кейде жыртқым келіп тұрады.
Бойыңда түгел ұмтылмас күндер мәңгілік,
Кейбірін соның ұмытқым келіп тұрады.
Ойымды, тарих, дерттерің бөліп тұрады,
Өзіңді кейде өртегім келіп тұрады.
Болған соң бүкіл халқымыз басып өткен жол,
Амалсыз толық зерттегім келіп тұрады.
Шындықты, тарих, айтқым келіп тұрады,
Елестен түгел айыққым келіп тұрады.
Өзгеге емес өзіңе қарап байыппен,
Барыңды жиып байытқым келіп тұрады.
Жазамын, тарих, өшіргім келіп тұрады,
Сарыла зерттеп көшіргім келіп тұрады.
Кешірмес күнә көп болған шығар шынында,
Басқаны білмейм, кешіргім келіп тұрады.
Қарасам, тарих, жылағым келіп тұрады,
Жыртылған парақ құрағым келіп тұрады.
Болғансың ауыр, сен емес оған кінәлі,
Кешірім сенен сұрағым келіп тұрады.
Бойыңа терең бойлағым келіп тұрады,
Күйдірер отсың дұрыстап ұстай алмасақ,
Өзіңмен неге ойнағым келіп тұрады?
Сырыңды, тарих, шын ұққым келіп тұрады,
Парақтап кейде жыртқым келіп тұрады.
Бойыңда түгел ұмтылмас күндер мәңгілік,
Кейбірін соның ұмытқым келіп тұрады.
Ойымды, тарих, дерттерің бөліп тұрады,
Өзіңді кейде өртегім келіп тұрады.
Болған соң бүкіл халқымыз басып өткен жол,
Амалсыз толық зерттегім келіп тұрады.
Шындықты, тарих, айтқым келіп тұрады,
Елестен түгел айыққым келіп тұрады.
Өзгеге емес өзіңе қарап байыппен,
Барыңды жиып байытқым келіп тұрады.
Жазамын, тарих, өшіргім келіп тұрады,
Сарыла зерттеп көшіргім келіп тұрады.
Кешірмес күнә көп болған шығар шынында,
Басқаны білмейм, кешіргім келіп тұрады.
Қарасам, тарих, жылағым келіп тұрады,
Жыртылған парақ құрағым келіп тұрады.
Болғансың ауыр, сен емес оған кінәлі,
Кешірім сенен сұрағым келіп тұрады.