Тұр достым,
Паң далаға таңда қара.
Бозамық сәуле сепкен таңға қара.
Боз таңға басын иген тауға қара,
Қызыққа кенелерсің сонда ғана.
Таңда қара далама оянарда,
Боз дала сірә мұндай боянар ма?
Боянар ма, қарап көз тоя алар ма?
Босамай көңіл шіркін қоя алар ма?
Мың түсті миллион сәуле жарысады,
Жарысады,
Жер төсінде табысады,
Естілер ерекше үнмен құбылып бір,
Даланың таныс әуен, таныс әні.
Қытықтап танауыңа келіп кірген,
Желдағы қымыз сынды желіктірген.
Бойыңнан таба алмайсың ерік мүлдем,
Кетеді тұла бойың еріп бірден.
Кеудеге тағып алып жараса гүл,
Мас та емес,
Масаң да емес,
Тамаша бір.
Күй кешкен көрем десең бұл даланы,
Бозала таңменен сен таласа тұр.
Тұрдағы паң далаға таңда қара,
Маңдайы жарқыраған таңға қара.
Таңдайдан тамған асыл әнге қара,
Ұғарсың сөздің мәнін сонда ғана.
***
Түн түріліп, сәуле шашып таң атып,
Бар тірлікті тек өзіне қаратып.
Күн келеді көкжиектен күлімдеп,
Шапағатын шартарапқа таратып.
Тұршы жаным, көзің қалай ілінбек,
Күн келеді, күн келеді күлімдеп.
Жапыраққа қонған шық та дірілдеп,
Дүние тұр ғой дүр сілкініп, дүрілдеп.
Кірпігіне шуақ іліп, нұр іліп,
Күн келеді, күн келеді бұрылып.
Бір-ақ сәтке қалғып кеткен бұл тірлік,
Күн нұрымен қайта шықты тіріліп.
Барлық тірлік Күнмен бірге басталған,
Күн келеді, күн келеді аспаннан.
Күнге қарай бой созады гүл біткен,
Шапағатты нұр шуаққа мастанған.
Паң далаға таңда қара.
Бозамық сәуле сепкен таңға қара.
Боз таңға басын иген тауға қара,
Қызыққа кенелерсің сонда ғана.
Таңда қара далама оянарда,
Боз дала сірә мұндай боянар ма?
Боянар ма, қарап көз тоя алар ма?
Босамай көңіл шіркін қоя алар ма?
Мың түсті миллион сәуле жарысады,
Жарысады,
Жер төсінде табысады,
Естілер ерекше үнмен құбылып бір,
Даланың таныс әуен, таныс әні.
Қытықтап танауыңа келіп кірген,
Желдағы қымыз сынды желіктірген.
Бойыңнан таба алмайсың ерік мүлдем,
Кетеді тұла бойың еріп бірден.
Кеудеге тағып алып жараса гүл,
Мас та емес,
Масаң да емес,
Тамаша бір.
Күй кешкен көрем десең бұл даланы,
Бозала таңменен сен таласа тұр.
Тұрдағы паң далаға таңда қара,
Маңдайы жарқыраған таңға қара.
Таңдайдан тамған асыл әнге қара,
Ұғарсың сөздің мәнін сонда ғана.
***
Түн түріліп, сәуле шашып таң атып,
Бар тірлікті тек өзіне қаратып.
Күн келеді көкжиектен күлімдеп,
Шапағатын шартарапқа таратып.
Тұршы жаным, көзің қалай ілінбек,
Күн келеді, күн келеді күлімдеп.
Жапыраққа қонған шық та дірілдеп,
Дүние тұр ғой дүр сілкініп, дүрілдеп.
Кірпігіне шуақ іліп, нұр іліп,
Күн келеді, күн келеді бұрылып.
Бір-ақ сәтке қалғып кеткен бұл тірлік,
Күн нұрымен қайта шықты тіріліп.
Барлық тірлік Күнмен бірге басталған,
Күн келеді, күн келеді аспаннан.
Күнге қарай бой созады гүл біткен,
Шапағатты нұр шуаққа мастанған.