Тамды

Отан туралы

Болдың ба достым, Тамдымда? Бөлекше бір сыр бар мұнда. Жатуы бөлек таудың да, Атуы бөлек таңның да. Түр-түсі бөлек қырд...

Болдың ба достым, Тамдымда?
Бөлекше бір сыр бар мұнда.
Жатуы бөлек таудың да,
Атуы бөлек таңның да.

Түр-түсі бөлек қырдың да,
Күлкісі бөлек ұлдың да.
Кешуі бөлек судың да,
Көшуі бөлек құмның да.

Тынысы бөлек түннің де,
Иісі бөлек гүлдің де.
Білмедің бе, білдің бе?
Қызуы артық күннің де.

Алтынмен бірдей мыс мұнда,
Айрықша қызғын іс мұнда.
Ұшуы бөлек құстың да,
Түсуі бөлек қыстың да.

Асуы бөлек белдің де,
Басуы бөлек шөлдің де.
Бедері бөлек жердің де,
Мінезі бөлек елдің де.
Осындай елді көрдің бе?
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Отан туралы
Күні 31.05.2026