Дала

Отан туралы

Қала емес сайын дала құмда өсіппін, Даламның самалымен тілдесіппін. Мал бағып,таяқ ұстап, қой қайырған, Бабамның жолымен...

Қала емес сайын дала құмда өсіппін,
Даламның самалымен тілдесіппін.
Мал бағып,таяқ ұстап, қой қайырған,
Бабамның жолыменен күн кешіппін.

Ішінде тербетіліп тал бесіктің,
Несі бар құмда туып, шөлде өсіппін.
Туғаннан табиғатпен араласып,
Жасымнан қиындықпен белдесіппін.

Даламның желі суық, пейілі жылы,
Кейбіреу ұғынбаса мейлі мұны.
Қарайды өзге дәуір биігінен,
Туылған киіз үйде кейбір ұлы.

Даламның түрі сұсты, құшағы кең,
Перзенті болғаннан соң ұсадым мен.
Сондықтан мына менде ашу қатты,
Иілсем шын пейілмен құшамын мен.

Даламның өзі шөл де, мейірімі көл,
Беретін береке,құт,сыйлығы мол.
Кейбіреу көріп жүр тек бір қырынан,
Өмірдің өзіндей ол иірімі мол.

Туған жер-дала маған ана сынды,
Мен оған теңемеймін бар асылды.
Өзгеге тозақ болып көрінгенмен,
Өзіме пейішің де дала сынды.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Отан туралы
Күні 31.05.2026