Елдігімнің белгісі

Отан туралы

Қазақстан – Отаным қымбат әрбір нышаның, Сенде байлық, береке, сенде бақыт құшамын. Сапар шексем өзге елге төсқалтамда ...

Қазақстан – Отаным қымбат әрбір нышаның,
Сенде байлық, береке, сенде бақыт құшамын.

Сапар шексем өзге елге төсқалтамда төлқұжат,
Елтаңбаңды өзіммен бірге алып ұшамын.

Өркениет көшінен тұрған анық тиіп төр,
Жер жүзінде бар ма екен дәл өзіңдей сүйікті ел.
Жеңіс сайын асқақтап Әнұраным шырқалып,
Көтерілсе көк жалау мәртебем шын биіктер.

Күннен күнге әлемге кең танытып беделін,
Өркендеуге ғаламдық бере білген берерін,
Өрісі кең, жасампаз, өркенді елім, өр елім,
Әр нышаннан саған тән мықтылықты көремін.

Ерен үлгі Елтаңбам – ерлігімнің белгісі,
Желбіреген көк жалау – кеңдігімнің белгісі,
Асқақтаған Әнұран – теңдігімнің белгісі,
Қазақ деген керемет елдігімнің белгісі.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Отан туралы
Күні 31.05.2026