Жаным тәтті, бал-шырын,
Осы ұққан бар шыным.
Халық – теңіз, телегей,
Мен теңізде тамшымын.
Бойымда қан қызулы,
Ойда жоспар түзулі.
Тағдыр бірақ тым қатал,
Жүрер жолым сызулы.
Мен білетін сыр-шындық,
Бар ғұмырың бір күндік.
Толып жатқан кедергі,
Толып жатқан мүмкіндік.
Уақыт – ағыс, жоқ тұрақ,
Тауқыметі көп бірақ.
Басым толы кілең ой,
Жауабы жоқ көп сұрақ.
Саналыға үн қаттық,
Сайтанмен де тіл таптық.
Бола бермес кіл шаттық,
Бақытың да бір сәттік.
Ішім - тұман, сыртым – күн,
Көкіректе кілкір мұң.
Ақылға да қарын би,
Құлымыз біз құлқынның.
Өмір – қысқа, өтпелі,
Көңіл – кірбің, өкпелі.
Әйтпесе бұл тірліктің,
Ешкімнен де жоқ кемі.
Осы ұққан бар шыным.
Халық – теңіз, телегей,
Мен теңізде тамшымын.
Бойымда қан қызулы,
Ойда жоспар түзулі.
Тағдыр бірақ тым қатал,
Жүрер жолым сызулы.
Мен білетін сыр-шындық,
Бар ғұмырың бір күндік.
Толып жатқан кедергі,
Толып жатқан мүмкіндік.
Уақыт – ағыс, жоқ тұрақ,
Тауқыметі көп бірақ.
Басым толы кілең ой,
Жауабы жоқ көп сұрақ.
Саналыға үн қаттық,
Сайтанмен де тіл таптық.
Бола бермес кіл шаттық,
Бақытың да бір сәттік.
Ішім - тұман, сыртым – күн,
Көкіректе кілкір мұң.
Ақылға да қарын би,
Құлымыз біз құлқынның.
Өмір – қысқа, өтпелі,
Көңіл – кірбің, өкпелі.
Әйтпесе бұл тірліктің,
Ешкімнен де жоқ кемі.