Алданба, көңіл, алданба,
Аз күнге бола малданба.
Талайдан қалған сұм дүние,
Алдап бір соқса таңданба.
Бұл өмір тәтті балдан да,
Тірлікке құмар қанған ба?
Саулықты сатып алмайсың,
Бар байлық, жиған бар малға.
Тіршілік мәнін аңғар да,
Алға бас барды қамдан да.
Бақыттың өзін білерсің,
Басыңнан кетіп қалғанда.
Өзгермес заман, заң бар ма?
Тағынан тайған хандар да.
Мыж болып қалған бір кезде,
Мықтымын деген жандар да.
Сенім жоқ құрғыр жалғанға,
Талайдан тайқып қалғанда.
Жеткізеді ғой деймісің,
Мені де қуған арманға.
Алданба, көңіл, алданба.
Ақырғы машқар таңдар да,
Не бетімді айтам Алланың,
Алдына алып барғанда.
Аз күнге бола малданба.
Талайдан қалған сұм дүние,
Алдап бір соқса таңданба.
Бұл өмір тәтті балдан да,
Тірлікке құмар қанған ба?
Саулықты сатып алмайсың,
Бар байлық, жиған бар малға.
Тіршілік мәнін аңғар да,
Алға бас барды қамдан да.
Бақыттың өзін білерсің,
Басыңнан кетіп қалғанда.
Өзгермес заман, заң бар ма?
Тағынан тайған хандар да.
Мыж болып қалған бір кезде,
Мықтымын деген жандар да.
Сенім жоқ құрғыр жалғанға,
Талайдан тайқып қалғанда.
Жеткізеді ғой деймісің,
Мені де қуған арманға.
Алданба, көңіл, алданба.
Ақырғы машқар таңдар да,
Не бетімді айтам Алланың,
Алдына алып барғанда.