Пендемін мен де жұрттай, періште емес,

Өмір туралы

Пендемін мен де жұрттай, періште емес, Жыр жаздым елден артық, кеміс те емес. Өзімді өзім мақтап қайтем бекер, Сөзімді ...

Пендемін мен де жұрттай, періште емес,
Жыр жаздым елден артық, кеміс те емес.
Өзімді өзім мақтап қайтем бекер,
Сөзімді ұғынған жан теріс демес.

Кейбіреу «ақыным» деп атымды айтты,
Кейбіреу «жырды қой» деп ақыл да айтты.
Өлеңді жаза бердім өршеленіп,
Тек көпке сөзім өтпей пәтім қайтты.

Ол рас, өз дауысым, өз үнім бар,
Өлеңде өрелі ойым, сезімім бар.
Несіне қайта-қайта қайталайын,
Мені ұғам десеңіздер сөз ұғыңдар.

Көктейді жақсы сөзбен көңіл шыбық,
Ауыр деп айтқандарым жеңіл шығып.
Кей-кейде жүрсем дағы өңім сынық,
Өлеңмен келем бірге өмір сүріп.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Өмір туралы
Күні 31.05.2026