Шапақ шашып, жайқалтып жас гүлді ашып,
Күн шығады қыр төсіне нұр шашып.
Түзге шықсаң жан сергітіп сері жел,
Құйылады ағыл-тегіл жыр тасып.
Тал-терекке жаңадан бір бүр шығып,
Ұйқысынан оянады тіршілік.
Аңдап тұрсаң алғыс айтар әр таңда,
Күнге қарай басын иіп гүл, шыбық.
Сұлу таңның сымбатынан сыр күреп,
Әлденеге лүпілдейді бұл жүрек.
Алысқа ұшқан аппақ-аппақ ұшақтар,
Із тастайды аспан төсін тілгілеп.
Қыр үніне қүлақ түрсең шамалы,
Бұлбұл көмей бозторғай ән салады.
Көз ұшында атқа мінген бір ару,
Елес сынды шауып өтіп барады.
Таңғы ауада тірлік мәнін түйсінем,
Тыныстаймын гүлдің жұпар исімен.
Жатқан шексіз кереметін танытып,
Кең даламның келбетіне сүйсінем.
Сырлы сезім билеп алып санамды,
Осы сәтте қолыма алам қаламды.
Тұрам сонда шабыт билеп, суретке,
Қаз қалпында көшіргім кеп даламды.
Күн шығады қыр төсіне нұр шашып.
Түзге шықсаң жан сергітіп сері жел,
Құйылады ағыл-тегіл жыр тасып.
Тал-терекке жаңадан бір бүр шығып,
Ұйқысынан оянады тіршілік.
Аңдап тұрсаң алғыс айтар әр таңда,
Күнге қарай басын иіп гүл, шыбық.
Сұлу таңның сымбатынан сыр күреп,
Әлденеге лүпілдейді бұл жүрек.
Алысқа ұшқан аппақ-аппақ ұшақтар,
Із тастайды аспан төсін тілгілеп.
Қыр үніне қүлақ түрсең шамалы,
Бұлбұл көмей бозторғай ән салады.
Көз ұшында атқа мінген бір ару,
Елес сынды шауып өтіп барады.
Таңғы ауада тірлік мәнін түйсінем,
Тыныстаймын гүлдің жұпар исімен.
Жатқан шексіз кереметін танытып,
Кең даламның келбетіне сүйсінем.
Сырлы сезім билеп алып санамды,
Осы сәтте қолыма алам қаламды.
Тұрам сонда шабыт билеп, суретке,
Қаз қалпында көшіргім кеп даламды.