Мен сені сүйем, халқым, шын сүйемін!
Білмеймін дәл өзімдей кім сүйерін.
Болғаны сезем анық сен барыңда,
Аялап маңдайымнан күн сүйерін.
Мен сені сүйем, халқым, сүйем, елім,
Өйткені өздеріңсің сүйенерім.
Сен неткен қасиетті, киелі едің,
Бас исем саған ғана ием, елім!
Сүйемін шын жаныммен, жүрегіммен,
Өзің деп ең қымбаттым білемін мен.
Өйткені таянышым, тірегім сен,
Бар тінім өзіңменен бір өрілген.
Сендермен Отан бірге, далам бірге,
Сендермен салтым бірге, санам бірге.
Біргеміз жақсы күнде, жаман күнде,
Халықсыз жасай алмас адам мүлде.
Бойыма өзің қуат, от бересің,
Қолдаушым, қорғаушым да боп келесің.
Торықсам маңдайымнан сипайсыңдар,
Той берсем өздерің кеп өткересің.
Өздерің алаңым да, сенерім де,
Тура жол сілтейсіңдер керегінде.
Сендесіз кім біледі қадірімді,
Сендерсіз кімге керек өлеңім де.
Түк те емес сен болмасаң нар талабым,
Сендермен ауыр жүктітарта аламын.
Ақын боп, азамат боп жүргенім де?
Анық бұл өздеріңнің арқаларың.
Сендермен өмірде де бір жүремін,
Сендермен дәуірді де бір сүремін.
Сен күйсең отыңа да бір күйемін,
Сондықтан, халқым, сені шын сүйемін!
Білмеймін дәл өзімдей кім сүйерін.
Болғаны сезем анық сен барыңда,
Аялап маңдайымнан күн сүйерін.
Мен сені сүйем, халқым, сүйем, елім,
Өйткені өздеріңсің сүйенерім.
Сен неткен қасиетті, киелі едің,
Бас исем саған ғана ием, елім!
Сүйемін шын жаныммен, жүрегіммен,
Өзің деп ең қымбаттым білемін мен.
Өйткені таянышым, тірегім сен,
Бар тінім өзіңменен бір өрілген.
Сендермен Отан бірге, далам бірге,
Сендермен салтым бірге, санам бірге.
Біргеміз жақсы күнде, жаман күнде,
Халықсыз жасай алмас адам мүлде.
Бойыма өзің қуат, от бересің,
Қолдаушым, қорғаушым да боп келесің.
Торықсам маңдайымнан сипайсыңдар,
Той берсем өздерің кеп өткересің.
Өздерің алаңым да, сенерім де,
Тура жол сілтейсіңдер керегінде.
Сендесіз кім біледі қадірімді,
Сендерсіз кімге керек өлеңім де.
Түк те емес сен болмасаң нар талабым,
Сендермен ауыр жүктітарта аламын.
Ақын боп, азамат боп жүргенім де?
Анық бұл өздеріңнің арқаларың.
Сендермен өмірде де бір жүремін,
Сендермен дәуірді де бір сүремін.
Сен күйсең отыңа да бір күйемін,
Сондықтан, халқым, сені шын сүйемін!