Сүйе берем

Махаббат туралы

Көп сүйдім, Көп сүйгенмін, Көп сүйемін. Сүюді қалайша мен көпсінемін. Өртенсе өртенсінші от жүрегім, Болғаны қандай жақс...

Көп сүйдім,
Көп сүйгенмін,
Көп сүйемін.
Сүюді қалайша мен көпсінемін.
Өртенсе өртенсінші от жүрегім,
Болғаны қандай жақсы көп сүйерің.

Сүйемін,
Сүйіп жүрмін,
Сүйе берем.
Санамды махабат шын иелеген.
Ғашықтық қасиет қой киелі ерен,
Сүйенсем сүйіктіме сүйенер ем.

Жел де емес,
Сүю деген.
Желік те емес,
Ол өзі серілік те, серт те емес.
Әңгіме сұлулықта, көрікте емес,
Адамдар махаббаттан ерікті емес.


От та емес,
Сүю деген.
Ойын да емес,
Әңгіме махаббатқа тойымда емес,
Көріктіге көз сүзе қоюда емес,
Сүлуды сүйе салу ойымда емес.

Бір емес,
Бесеу емес,
Он да емес,
Мәселе қанша сүйдің санда емес,
Күймесе сүйген жүрек тоңған емес,
Сүйгендер бақытсыз жан болған емес.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Махаббат туралы
Күні 31.05.2026