Ай дидарлы асылым,
Шаштың сезім шашуын.
Жігіт біткен ауылда,
Болдық сенің ғашығың.
Өртенеміз, күйеміз,
Басымызды иеміз.
Қызықтырып тұратын,
Қылығыңды сүйеміз.
Уа, аппақ қыз!
Аппақ қыз!
Атыңызды жаттап біз,
Ынтық болып өзіңе,
Тұрамыз кіл мақтап біз.
Әзілдейсің, күлесің,
Еліктіріп жүресің.
Сыртымыздан сынап-ақ,
Сырымызды білесің.
Құмартамыз сағына,
Жуытпайсың жаныңа.
Жаралғансың жаным-ау,
Қай жігіттің бағына.
Шаштың сезім шашуын.
Жігіт біткен ауылда,
Болдық сенің ғашығың.
Өртенеміз, күйеміз,
Басымызды иеміз.
Қызықтырып тұратын,
Қылығыңды сүйеміз.
Уа, аппақ қыз!
Аппақ қыз!
Атыңызды жаттап біз,
Ынтық болып өзіңе,
Тұрамыз кіл мақтап біз.
Әзілдейсің, күлесің,
Еліктіріп жүресің.
Сыртымыздан сынап-ақ,
Сырымызды білесің.
Құмартамыз сағына,
Жуытпайсың жаныңа.
Жаралғансың жаным-ау,
Қай жігіттің бағына.