Мен сені шын сүйемін, сүйіп өтем,
Махаббат тағдыр берген сыйым екен.
Жаныңда күнде бірге жүрген жанға,
Сүйем деп айтуың да қиын екен.
Мен сені сүйіп келем, сүйіп өтем,
Өмірдің жолы иір, шиыр екен.
Адасып шиырлардан жиі кетем,
Сүйейтін сонда жардың иығы екен.
Мен сені сүйіп келем, сүйіп өтем,
Жақсылар бір-біріне үйір екен.
Қасыңда сүйген адам болмаса егер,
Бағасы тіршіліктің тиын екен.
Мен сені сүйіп келем, сүйіп өтем,
Сүю бұл пәк сезімнің жиыны екен.
Асылым, өзім үшін, ұл-қыз үшін,
Басымды алдыңда тек иіп өтем.
Мен сені сүйе берем, сүйіп өтем,
Шын сүю тағдыр берген сыйым екен.
Шын сезім бәрінен де ұлық екен,
Махаббат бәрінен де биік екен.
Махаббат тағдыр берген сыйым екен.
Жаныңда күнде бірге жүрген жанға,
Сүйем деп айтуың да қиын екен.
Мен сені сүйіп келем, сүйіп өтем,
Өмірдің жолы иір, шиыр екен.
Адасып шиырлардан жиі кетем,
Сүйейтін сонда жардың иығы екен.
Мен сені сүйіп келем, сүйіп өтем,
Жақсылар бір-біріне үйір екен.
Қасыңда сүйген адам болмаса егер,
Бағасы тіршіліктің тиын екен.
Мен сені сүйіп келем, сүйіп өтем,
Сүю бұл пәк сезімнің жиыны екен.
Асылым, өзім үшін, ұл-қыз үшін,
Басымды алдыңда тек иіп өтем.
Мен сені сүйе берем, сүйіп өтем,
Шын сүю тағдыр берген сыйым екен.
Шын сезім бәрінен де ұлық екен,
Махаббат бәрінен де биік екен.