Мен бармын ба, сен барсың ба-халқым бар,
Халқым барда қасиетті салтым бар.
«Халқы бардың қамы болмас» деген шын,
Халқым барда құдірет, күшім, даңқым бар.
Мен бармын ба, сен барсың ба-Отан бар,
Отан барда қандай қайғы қапам бар.
Отан үшін отқа түсер ботаң бар,
Отансызды опасыз деп атаңдар.
Мен бармын ба, сен барсың ба-тілім бар,
Тілім барда тінім бүтін, дінім бар.
Тілсіз халық тірі қалмас ұғыңдар,
Ана тілді аман сақтап тұрыңдар.
Мен бармын ба, сен барсың ба-Күн де бар,
Біз бар болсақ Отан, Халық, тіл де бар.
Мың ажалдан тілін сақтап, тірі өткен,
Мұндай Отан, мұндай халық кімде бар?!
Халқым барда қасиетті салтым бар.
«Халқы бардың қамы болмас» деген шын,
Халқым барда құдірет, күшім, даңқым бар.
Мен бармын ба, сен барсың ба-Отан бар,
Отан барда қандай қайғы қапам бар.
Отан үшін отқа түсер ботаң бар,
Отансызды опасыз деп атаңдар.
Мен бармын ба, сен барсың ба-тілім бар,
Тілім барда тінім бүтін, дінім бар.
Тілсіз халық тірі қалмас ұғыңдар,
Ана тілді аман сақтап тұрыңдар.
Мен бармын ба, сен барсың ба-Күн де бар,
Біз бар болсақ Отан, Халық, тіл де бар.
Мың ажалдан тілін сақтап, тірі өткен,
Мұндай Отан, мұндай халық кімде бар?!