Шыққан күн мен батқан күннің арасын,
Өлшеуменен өмір өтіп барасың.
Қанша менің бересім мен аласым,
Бататын күн соны есіме саласың.
Барды беріп, аласымды алдым ба?
Әлдекімге қарыздар боп қалдым ба?
Қарызы жоқ, алары көп жанмын ба?
Тек тірілер санатында бармын ба?
Соның бәрін ойландырдың батар күн,
Алды да емес, арты да емес қатардың,
Сапта жүрген бір азамат атандым,
Батар күндей мен де бір күні батармын.
Әй, батар күн қайда батып барасың?
Шыққан күн мен батар күннің арасын.
Өлшеуден де, жаным бір күн қаласың,
Бар шығар-ау бересім мен аласым,
Бататын күн соны есіме саласың.
Өлшеуменен өмір өтіп барасың.
Қанша менің бересім мен аласым,
Бататын күн соны есіме саласың.
Барды беріп, аласымды алдым ба?
Әлдекімге қарыздар боп қалдым ба?
Қарызы жоқ, алары көп жанмын ба?
Тек тірілер санатында бармын ба?
Соның бәрін ойландырдың батар күн,
Алды да емес, арты да емес қатардың,
Сапта жүрген бір азамат атандым,
Батар күндей мен де бір күні батармын.
Әй, батар күн қайда батып барасың?
Шыққан күн мен батар күннің арасын.
Өлшеуден де, жаным бір күн қаласың,
Бар шығар-ау бересім мен аласым,
Бататын күн соны есіме саласың.