Шағын кітап

Өмір туралы

Өлеңнен қалғаным жоқ түгімді аяп, Қойғаным мақұл ма еді ұрынбай-ақ? Шағын кітап шығардым, білмегенге, Жұп-жұқа пышақтың ...

Өлеңнен қалғаным жоқ түгімді аяп,
Қойғаным мақұл ма еді ұрынбай-ақ?
Шағын кітап шығардым, білмегенге,
Жұп-жұқа пышақтың тек қырындай-ақ,
Өзіме дүниенің құнындай-ақ!

Шағын кітап шығардым, шағын кітап,
Шағын кітап емес ол шағым кітап.
Сол кітаппен тұрады бағым құтап,
Шағын кітап болғанмен ауыр кітап.

Шағын кітап томдардың арасында,
Нанасың ба, орны үшін таласуда.
Шағын кітап-шәрбаты шабытымның,
Бал қосқан барлық ойым бар осында.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Өмір туралы
Күні 31.05.2026