Құрысын, шаршап жүрмін,
Шаршап жүрмін.
Баяғы балалықты аңсап жүрмін.
Көңілсіз күрсініспен күн батырып,
Таңды да мазасыздау қарсы ап жүрмін.
Көрінбес баяғыдай өмір жалын,
Ой ауыр,
Бойым салқын,
Көңіл жарым.
Мәз-мейрам жұрттың бәрі өздерінше,
Әлдене аңсайтындай менің жаным.
Адаммын,
Ақылдымын,
Саналымын.
Болды ма елден бөлек жаралуым.
Жан едім жүрегі от, жанары күн,
Бойымды қалай баурап барады мұң?
Дүние қарап тұрсаң жарық қандай?!
Жайқалып әсемдігін танытқандай.
Мен болсам жаным жүдеу, жабырқаумын,
Бейне бір бар тірліктен жалыққандай.
Шаршаумын,
Жабырқаумын,
Не етсем екен?
Ойпыр-ай, ойын қуып кетсем бе екен?
Ендігі қалған күннің барлығын да,
Жан бағып,
Көңіл күйттеп өтсем бе екен?
Жастығым өте шыққан нөсерлетіп,
Қарасам бүгінім бар, кешем кетіп.
Жан бағып,
Көңіл күйттеп жүрер едім,
Қалады-ау мына өмірге есем кетіп.
Шаршап жүрмін.
Баяғы балалықты аңсап жүрмін.
Көңілсіз күрсініспен күн батырып,
Таңды да мазасыздау қарсы ап жүрмін.
Көрінбес баяғыдай өмір жалын,
Ой ауыр,
Бойым салқын,
Көңіл жарым.
Мәз-мейрам жұрттың бәрі өздерінше,
Әлдене аңсайтындай менің жаным.
Адаммын,
Ақылдымын,
Саналымын.
Болды ма елден бөлек жаралуым.
Жан едім жүрегі от, жанары күн,
Бойымды қалай баурап барады мұң?
Дүние қарап тұрсаң жарық қандай?!
Жайқалып әсемдігін танытқандай.
Мен болсам жаным жүдеу, жабырқаумын,
Бейне бір бар тірліктен жалыққандай.
Шаршаумын,
Жабырқаумын,
Не етсем екен?
Ойпыр-ай, ойын қуып кетсем бе екен?
Ендігі қалған күннің барлығын да,
Жан бағып,
Көңіл күйттеп өтсем бе екен?
Жастығым өте шыққан нөсерлетіп,
Қарасам бүгінім бар, кешем кетіп.
Жан бағып,
Көңіл күйттеп жүрер едім,
Қалады-ау мына өмірге есем кетіп.