Уа, Мұқа!
Қайран Мұқа!
Мұқа, Мұқа!
Қажыдың қабағыңды шыта-шыта.
Уланып мезгілінен ерте салдың,
Заманның запыранын жұта-жұта.
Алып ең Алатаудың мұзбалағы,
Мына жұрт мықты болсаң қызғанады.
Өзінен озсаң болды көре алмайды,
Содан ғой жаның сыздап, мұздағаны.
Уа, Мұқа!
Қарасаздың дара ұланы,
Дауысың бар қазақты аралады.
Қоймайды өлгеніңше бұл жауыздар,
Қадалған жерлерінен қан алады.
Қапыда қақпан құру ірілерге,
Қағида қашаннан-ақ тірілерде.
Заң сынды зар қақсату зиялысын,
Зияны тиіп-ақ жүр мұның елге.
Істейсің бірін біліп, бірін білмей,
Қоя ма сондайда олар сүріндірмей.
Іздейтін әдет қой бұл өлгеннен соң,
Көзіне жүреді де тіріңді ілмей.
Демеймін шыдамадың,
Төзімді едің,
Амал не елден ерек сезімді едің.
Болғаны қырықтың дәл бесеуінде,
Жасайтын, беретұғын кезіңде едің.
Уа, Мұқа!
Мұқа, Мұқа!
Қайран Мұқа!
Бұл өмір мылтықсыз-ақ майдан, Мұқа.
Орныңа отыз ақын таласқанмен,
Өзіңдей болсын бәрі қайдан, Мұқа!
Шибөрі құйрығындай шулағандар,
Жабылып жан-жүйкеңді улағандар,
Жарамас арқалауға ардың жүгін,
Асылы ақын болып тумағандар.
Уа, Мұқа!
Қайран Мұқа!
Есіл Мұқа!
Ашынып айта берем несін, Мұқа.
Қазақтың маңдайына біткен ұл ең,
Кеш білдік қадіріңді, кешір, Мұқа.
Қайран Мұқа!
Мұқа, Мұқа!
Қажыдың қабағыңды шыта-шыта.
Уланып мезгілінен ерте салдың,
Заманның запыранын жұта-жұта.
Алып ең Алатаудың мұзбалағы,
Мына жұрт мықты болсаң қызғанады.
Өзінен озсаң болды көре алмайды,
Содан ғой жаның сыздап, мұздағаны.
Уа, Мұқа!
Қарасаздың дара ұланы,
Дауысың бар қазақты аралады.
Қоймайды өлгеніңше бұл жауыздар,
Қадалған жерлерінен қан алады.
Қапыда қақпан құру ірілерге,
Қағида қашаннан-ақ тірілерде.
Заң сынды зар қақсату зиялысын,
Зияны тиіп-ақ жүр мұның елге.
Істейсің бірін біліп, бірін білмей,
Қоя ма сондайда олар сүріндірмей.
Іздейтін әдет қой бұл өлгеннен соң,
Көзіне жүреді де тіріңді ілмей.
Демеймін шыдамадың,
Төзімді едің,
Амал не елден ерек сезімді едің.
Болғаны қырықтың дәл бесеуінде,
Жасайтын, беретұғын кезіңде едің.
Уа, Мұқа!
Мұқа, Мұқа!
Қайран Мұқа!
Бұл өмір мылтықсыз-ақ майдан, Мұқа.
Орныңа отыз ақын таласқанмен,
Өзіңдей болсын бәрі қайдан, Мұқа!
Шибөрі құйрығындай шулағандар,
Жабылып жан-жүйкеңді улағандар,
Жарамас арқалауға ардың жүгін,
Асылы ақын болып тумағандар.
Уа, Мұқа!
Қайран Мұқа!
Есіл Мұқа!
Ашынып айта берем несін, Мұқа.
Қазақтың маңдайына біткен ұл ең,
Кеш білдік қадіріңді, кешір, Мұқа.