Өмір - өзен ағысты,
Жақын етті алысты.
Кездейсоқ біз таныстық,
Тағдырымыз табысты.
Жолдарымыз жолықты,
Арманымыз молықты.
Бір-біреусіз өмір бос,
Жүрегіміз соны ұқты.
Айта берсек жыр да көп,
Жеткізуге тіл керек.
Жұрттың орны бір бөлек,
Сенің орның бір бөлек.
Болған емес жеңілдік,
Бір арбаға жегілдік.
Бір үмітке берілдік,
Биіктерден көріндік.
Тіршілікте мың түрлі,
Күтіп бізді сын тұрды.
Ұл деп қидың ұйқыңды,
Қыз деп тидың күлкіңді.
Күннен күнге арамыз,
Жақындасып барамыз.
Кемпір-шал боп бүгінде,
Өзіміз таң қаламыз.
Көз жіберсек өткенге,
Еш өкініш жоқ менде.
Арманда ғой бұл күнге,
Жетпеген де, жеткен де.
Ойларымыз өзге емес,
Ойланатын кез де емес.
«Асылым» деп айтпасақ,
Әңгіме тек сөзде емес.
Кемпір деуге қимаймын,
Кереметтей сыйлаймын.
Кетсең кейде қыдырып,
Сенсіз үйге сыймаймын.
Бірге көрдік көп сынды.
Бағындырдық көп шыңды.
Сенсіз жүрсем тірліктің,
Ешбір мәні жоқ сынды.
Жеткен мақсат, арманға,
Біз мықтымыз дау бар ма?
Айырмаса тек ажал,
Алар бізді жау бар ма?
Өмір мәні әріде,
Бекер емес бәрі де.
Сен сүйерсің, сүймессің,
Мен ғашықпын әлі де.
Жақын етті алысты.
Кездейсоқ біз таныстық,
Тағдырымыз табысты.
Жолдарымыз жолықты,
Арманымыз молықты.
Бір-біреусіз өмір бос,
Жүрегіміз соны ұқты.
Айта берсек жыр да көп,
Жеткізуге тіл керек.
Жұрттың орны бір бөлек,
Сенің орның бір бөлек.
Болған емес жеңілдік,
Бір арбаға жегілдік.
Бір үмітке берілдік,
Биіктерден көріндік.
Тіршілікте мың түрлі,
Күтіп бізді сын тұрды.
Ұл деп қидың ұйқыңды,
Қыз деп тидың күлкіңді.
Күннен күнге арамыз,
Жақындасып барамыз.
Кемпір-шал боп бүгінде,
Өзіміз таң қаламыз.
Көз жіберсек өткенге,
Еш өкініш жоқ менде.
Арманда ғой бұл күнге,
Жетпеген де, жеткен де.
Ойларымыз өзге емес,
Ойланатын кез де емес.
«Асылым» деп айтпасақ,
Әңгіме тек сөзде емес.
Кемпір деуге қимаймын,
Кереметтей сыйлаймын.
Кетсең кейде қыдырып,
Сенсіз үйге сыймаймын.
Бірге көрдік көп сынды.
Бағындырдық көп шыңды.
Сенсіз жүрсем тірліктің,
Ешбір мәні жоқ сынды.
Жеткен мақсат, арманға,
Біз мықтымыз дау бар ма?
Айырмаса тек ажал,
Алар бізді жау бар ма?
Өмір мәні әріде,
Бекер емес бәрі де.
Сен сүйерсің, сүймессің,
Мен ғашықпын әлі де.