Кім болсаң да жақпайсың адамдарға,
Не айтарсың сондайда жамандарға.
Түрлі-түрлі пенделік көре жүріп,
Тірлік кеше бересің амал бар ма?
Тірі кезде кім білер қадіріңді,
Өлгеніңше іздейді бәрі мінді.
Еш зияның тимеген бір есалаң,
Қазғысы кеп жүреді қабіріңді.
Ірі-ірі ісіңді біліп тұрып,
Әлденені әйтеуір ілік қылып,
Тілеулесім деп жүрген бір адамың,
Түкіреді сыртыңнан күліп тұрып.
Көрген жерде біреулер сызданады,
Оған қызық жаныңның сыздағаны.
Кекірейтіп мұрынын кей әріптес,
Жақсы өлең жазсаң да қызғанады.
Жүре берер күн қайда жорға мініп,
Келе жатсаң шалдығып, зорға жүріп,
Серігім деп сенетін кей жолдасың,
Кете барар ойланбай орға жығып.
Дос дегенің шыққанда сатқын болып,
Ондайларды тұрады атқың келіп.
Жұрттың түгел көңілін таба алмайсың,
Тырысқанмен қаншама тапқың келіп.
Тірлік осы байқасаң ақыныңда,
Жаттан бетер қайсыбір жақының да.
Алақанға салмаған ағайыннан,
Безіп кеткің келеді ақырында.
Не айтарсың сондайда жамандарға.
Түрлі-түрлі пенделік көре жүріп,
Тірлік кеше бересің амал бар ма?
Тірі кезде кім білер қадіріңді,
Өлгеніңше іздейді бәрі мінді.
Еш зияның тимеген бір есалаң,
Қазғысы кеп жүреді қабіріңді.
Ірі-ірі ісіңді біліп тұрып,
Әлденені әйтеуір ілік қылып,
Тілеулесім деп жүрген бір адамың,
Түкіреді сыртыңнан күліп тұрып.
Көрген жерде біреулер сызданады,
Оған қызық жаныңның сыздағаны.
Кекірейтіп мұрынын кей әріптес,
Жақсы өлең жазсаң да қызғанады.
Жүре берер күн қайда жорға мініп,
Келе жатсаң шалдығып, зорға жүріп,
Серігім деп сенетін кей жолдасың,
Кете барар ойланбай орға жығып.
Дос дегенің шыққанда сатқын болып,
Ондайларды тұрады атқың келіп.
Жұрттың түгел көңілін таба алмайсың,
Тырысқанмен қаншама тапқың келіп.
Тірлік осы байқасаң ақыныңда,
Жаттан бетер қайсыбір жақының да.
Алақанға салмаған ағайыннан,
Безіп кеткің келеді ақырында.