Сенбеңдер мені біреу ақын десе,
Сөзімді жаттамас па мақұл көрсе?
Жеткізіп айттым деп ем ойда барды,
Жел сөзім жесір қалып жатыр неше.
Жыр жазсам елге оным ұнар дедім,
Өлеңге халқым шын-ақ құмар дедім.
Айрықша ақынмын дер жөнім қайсы,
Немене, дана Абаймен сыңар ма едім?
Басыма бітпес дауды сатып алдым,
Ой-мерген, ойнақы сөз атып алдым.
Тірлік пен өлең-жырды қатар ұстап,
Сондықтан ісім бітпей қапы қалдым.
Тұрады білмес жанға теңге құным,
Өрекпіп бастырмайды өр көңілім.
Құмалақ қуалатқан қу тіршілік,
Түбіне жете алмаспын мен де мұның.
Жұрт сынды күйіп-пісіп, налып жүрмін,
Бұл дүние жалған десе нанып жүрмін.
Өмірде түк тындыра алмаған соң,
Өлеңнен бар өшімді алып жүрмін.
Сөзімді жаттамас па мақұл көрсе?
Жеткізіп айттым деп ем ойда барды,
Жел сөзім жесір қалып жатыр неше.
Жыр жазсам елге оным ұнар дедім,
Өлеңге халқым шын-ақ құмар дедім.
Айрықша ақынмын дер жөнім қайсы,
Немене, дана Абаймен сыңар ма едім?
Басыма бітпес дауды сатып алдым,
Ой-мерген, ойнақы сөз атып алдым.
Тірлік пен өлең-жырды қатар ұстап,
Сондықтан ісім бітпей қапы қалдым.
Тұрады білмес жанға теңге құным,
Өрекпіп бастырмайды өр көңілім.
Құмалақ қуалатқан қу тіршілік,
Түбіне жете алмаспын мен де мұның.
Жұрт сынды күйіп-пісіп, налып жүрмін,
Бұл дүние жалған десе нанып жүрмін.
Өмірде түк тындыра алмаған соң,
Өлеңнен бар өшімді алып жүрмін.
Әзірге пікір жоқ. Алғашқы пікірді сіз қалдырыңыз.