Айбарлы қалам, ай қалам!

Өзім туралы

Сарыарқа сайын даласы, Есілдің ерке жағасы, Бұрынғы Бозоқ қаласы, Бүгінде бөлек бағасы. Айбыны асқақ жарасқан, Бәйтерек...

Сарыарқа сайын даласы,
Есілдің ерке жағасы,
Бұрынғы Бозоқ қаласы,
Бүгінде бөлек бағасы.

Айбыны асқақ жарасқан,
Бәйтерек көкпен таласқан.
Көтеріп бойын жаңадан,
Керемет көрік сән ашқан.

Қызыға қарар бай ғалам,
Келбеті жарқын, жайнаған,
Айбарлы қалам, ай қалам,
Астанам, сенен айналам!

Сүйсінтер достық, бірлігі,
ЕвроАзия кіндігі,
Жасампаз туған жас қала,
Ғасырдың ұлы шындығы.

Шаттыққа бөгіп бар адам,
Шапағат нұры тараған.
Бастар деп ұлы істерді,
Үмітпен елім қараған.

Елбасым – ерен еңселі,
Елордам – сүйер ел сені.
Қаһарман халқым-қазағым,
Ардақтап өтем мен сені.

Тәуелсіз елдің теңдігі,
Көрінер байтақ кеңдігі.
Ерекше қала тұрғызу,
Қазақтың ғана ерлігі.

Алқалы ордам, ақ ордам,
Айналаң гүлзар, бақ-орман.
Айбының биік асқақтап,
Аман-сау тұрсаң жоқ арман.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Өзім туралы
Күні 31.05.2026