Халқыңның салт-дәстүрі әдебі бар,
Сәлем бер, адамдардың сәлемін ал!
Үлгісі кісілік пен кішіліктің,
Білгенге сәлемнің де сәлемі бар.
Мәні бар, саналыға берері бар,
Сәті бар, сәлемнің де себебі бар.
Сыпайы сыйластықты сөздің басы,
Адамға шын сәлемнің керегі бар.
Сәлем бұл әдептілік бөлшегі еді,
Жүректен жүректерге жол шегеді.
Сәлемнен кім екенің білінеді,
Сәлеммен қадірің де өлшенеді.
Басыңды и, ата көрсең жолыңды бер,
Сәлем ал, бала көрсең қолыңды бер.
Жаумен де атта отырсаң түсіп көріс,
Сәлемге сараң болма, көңілді бөл.
Не өтпес тірі жанда бастан сірә,
Тасынба, тақта отырсаң астамсыма.
Қол ұсын қарашыға тақтан тұрып,
Сәлемнен не бар ұлық асқан сірә.
Жөні бар, сәлемдесу мәнері бар,
Жолы бар, жарасықты әдебі бар,
Өзіндік сәлемнің де әлемі бар,
Алланың шапағаты, нұры жауар,
Сәлем бер, адамдардың сәлемін ал.
Сәлем бер, адамдардың сәлемін ал!
Үлгісі кісілік пен кішіліктің,
Білгенге сәлемнің де сәлемі бар.
Мәні бар, саналыға берері бар,
Сәті бар, сәлемнің де себебі бар.
Сыпайы сыйластықты сөздің басы,
Адамға шын сәлемнің керегі бар.
Сәлем бұл әдептілік бөлшегі еді,
Жүректен жүректерге жол шегеді.
Сәлемнен кім екенің білінеді,
Сәлеммен қадірің де өлшенеді.
Басыңды и, ата көрсең жолыңды бер,
Сәлем ал, бала көрсең қолыңды бер.
Жаумен де атта отырсаң түсіп көріс,
Сәлемге сараң болма, көңілді бөл.
Не өтпес тірі жанда бастан сірә,
Тасынба, тақта отырсаң астамсыма.
Қол ұсын қарашыға тақтан тұрып,
Сәлемнен не бар ұлық асқан сірә.
Жөні бар, сәлемдесу мәнері бар,
Жолы бар, жарасықты әдебі бар,
Өзіндік сәлемнің де әлемі бар,
Алланың шапағаты, нұры жауар,
Сәлем бер, адамдардың сәлемін ал.