Сенбеймін маған біреу өш дегенге,
Ешкіммен болған емес ештеңем де.
Аз ғана еткен болсам пендешілік,
Несі бар оны сірә кешпегенде.
Сенбеймін маған біреу өш дегенге.
Өмірдің сырын ұқтым қиыны мың,
Кәдімгі қарапайым бұйығымын.
Өзім сап көтерілдім баспалдақпен,
Ешкімнің демеуі жоқ иығының,
Ешкімнің керегі жоқ тиынының.
Келемін жұрттың мына қарасында,
Қараймын алды-артыма арасында.
Мен үшін бәрі бірдей азаматтың,
Мейлі ғой баласың ба, данасың ба?
Бәрімен міндеттімін санасуға.
Білемін талабы не менен елдің,
Келеді барымды елге бере бергім.
Бас имейм атақ-даңқ біріне де,
Құлымын тек баяғы өр өлеңнің.
Сол өлең қуанышқа бөлеген мың.
Ешкіммен болған емес ештеңем де.
Аз ғана еткен болсам пендешілік,
Несі бар оны сірә кешпегенде.
Сенбеймін маған біреу өш дегенге.
Өмірдің сырын ұқтым қиыны мың,
Кәдімгі қарапайым бұйығымын.
Өзім сап көтерілдім баспалдақпен,
Ешкімнің демеуі жоқ иығының,
Ешкімнің керегі жоқ тиынының.
Келемін жұрттың мына қарасында,
Қараймын алды-артыма арасында.
Мен үшін бәрі бірдей азаматтың,
Мейлі ғой баласың ба, данасың ба?
Бәрімен міндеттімін санасуға.
Білемін талабы не менен елдің,
Келеді барымды елге бере бергім.
Бас имейм атақ-даңқ біріне де,
Құлымын тек баяғы өр өлеңнің.
Сол өлең қуанышқа бөлеген мың.