Сен аман бол

Махаббат туралы

Пендеге берілген бұл бір-ақ өмір, Жарқырап жанып тұрған шырақ өмір. Адамзат көп жасауды аңсағанмен, Топырақ болар түбі т...

Пендеге берілген бұл бір-ақ өмір,
Жарқырап жанып тұрған шырақ өмір.
Адамзат көп жасауды аңсағанмен,
Топырақ болар түбі тұрақ өңір.

Аз күндік бұл пәниде қонақ өмір,
Аңсауға, армандауға тола көңіл.
Шыр-пыр боп, жоқты қуып жүргенімде,
Бір күні шолтаң етер шолақ өмір.


Өмірін жүретұғын өртеп өлең,
Халқымның бір перзенті ем еркелеген.
Білмеймін кеш өлермін, ерте ме өлем?
Мен өлсем сен аман бол, еркем өлең!
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Махаббат туралы
Күні 31.05.2026