Гүл қыздар, гүлгүл қыздар, гүлгүл қыздар,
Көздері жайнап тұрған нұр кіл қыздар.
Көмейі сайрап тұрған бұлбұл қыздар,
Көкейді қинап тұрған құрғыр қыздар.
Наз қылатын, назымен мәз қылатын,
Күлкісі көңілдерді жаз қылатын,
Беу, қыздар, жарқын мінез, жалын қыздар,
Сендерді рет те жоқ жазғыратын.
Түбінде түсінбей-ақ түгіне біз,
Жыр жазып, гүл құшақтап жүгіреміз.
Жігіттер жазықты емес бұның үшін,
Өйткені жүректерге жүгінеміз.
Жараспас мезгілінде гүл атпаған,
Албыртып асығады мұратқа адам.
Ер жігіт бас иеді гүл мен қызға,
Жөн қыздар жігіттерді жылатпаған.
Өмір бұл қуанышы, қайғысы бар,
Күшіне бас имеген қай кісі бар.
Тірлікті мәнді етіңдер, сәнді етіңдер,
Кім білер, тағдыр мықты қайда ұшырар?
Қыз дәурен, қызулы күн сын бұл қыздар!
Жайнаңдар, жайраңдаңдар гүлгүл қыздар!
Сайраңдар, сайрандаңдар бұлбұл қыздар!
Жүрекпен ойнамаңдар құрғыр қыздар!
Көздері жайнап тұрған нұр кіл қыздар.
Көмейі сайрап тұрған бұлбұл қыздар,
Көкейді қинап тұрған құрғыр қыздар.
Наз қылатын, назымен мәз қылатын,
Күлкісі көңілдерді жаз қылатын,
Беу, қыздар, жарқын мінез, жалын қыздар,
Сендерді рет те жоқ жазғыратын.
Түбінде түсінбей-ақ түгіне біз,
Жыр жазып, гүл құшақтап жүгіреміз.
Жігіттер жазықты емес бұның үшін,
Өйткені жүректерге жүгінеміз.
Жараспас мезгілінде гүл атпаған,
Албыртып асығады мұратқа адам.
Ер жігіт бас иеді гүл мен қызға,
Жөн қыздар жігіттерді жылатпаған.
Өмір бұл қуанышы, қайғысы бар,
Күшіне бас имеген қай кісі бар.
Тірлікті мәнді етіңдер, сәнді етіңдер,
Кім білер, тағдыр мықты қайда ұшырар?
Қыз дәурен, қызулы күн сын бұл қыздар!
Жайнаңдар, жайраңдаңдар гүлгүл қыздар!
Сайраңдар, сайрандаңдар бұлбұл қыздар!
Жүрекпен ойнамаңдар құрғыр қыздар!