Ерке елік қыз,
Егіз едік біз.
«Мәңгі серікпіз,
Серт бұл» дедік біз.
Жеңіл көріппіз,
Жоққа сеніппіз.
Бардың бағасын,
Білмей келіппіз.
Болмай берік біз,
Сөзге еріппіз.
Қолдан бақытты,
Оңай беріппіз.
Ерке елігім,
Деуші ем серігім.
Кетті қиянға,
Ертіп сені кім?
Жүрек тоқтамай,
Сені жоқтамай,
Сөнбек бойдағы,
Сезім-от қалай?!
Егіз едік біз.
«Мәңгі серікпіз,
Серт бұл» дедік біз.
Жеңіл көріппіз,
Жоққа сеніппіз.
Бардың бағасын,
Білмей келіппіз.
Болмай берік біз,
Сөзге еріппіз.
Қолдан бақытты,
Оңай беріппіз.
Ерке елігім,
Деуші ем серігім.
Кетті қиянға,
Ертіп сені кім?
Жүрек тоқтамай,
Сені жоқтамай,
Сөнбек бойдағы,
Сезім-от қалай?!